Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Тамыз, 2016

887

Петропавлда өткен пікірталас сайысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Достық үйінде Конституция күніне арналған Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кубогі үшін облыстық пікірталас жарысы өтті. 

«Қайырымдылық компанияларына науқас адамдар бейнеленген фото және бейнелерді пайдалануға тыйым салу әлде рұқсат беру». Бұл – пікірталас сайысындағы үш тақырыптың бірі. 12 команда сөзбен қақтығысып, өз көзқарастарын қорғады.

Пікірталас сайысына қатысушы Рустам Жантасов:

- Мен бүгін Мағжанмен ойнаймын, ол да Петропавлдың пікірталас қауымдастығының намысын қорғайды. Біз талай рет облыстық, қалалық пікірталастардың жүлдегерлері атандық. Менің ойымша, сайыс жоғары деңгейде өтеді, себебі мұнда мықты деген командалар жиналған, бәріне сәттілік тілеймін.

Жарыс үш кезеңнен тұрады, әрқайсысына дайындалуға 15 минут беріледі. Сөз сөйлеу регламенті – 7 минут. Содан ақтық мәреге жеткендерді анықтайды. Бұл міндет жарыстың бас төрешісі Мақсат Уатбаевқа жүктелген. Ол – астаналық «Парасат» пікірталас клубының мүшесі. Қатысушыларды сөйлеу мәнері мен этиканы сақтау критерийлері бойынша бағалайды.

Мақсат Уатбаев, пікірталас сайысының бас төрешісі:

- Бұл пікірталас сайысының басты міндеті Петропавл қаласында пікірталасты дамыту және жастардың үш бағытта –  «Мәңгілік ел» тұжырымдамасын, экология мен қайырымдылықты білу бойынша білімдерін сынау. 

Пікірталас сайысының нәтижесі:

1 орын - "Клиенты пантеры" командасы  (Петропавл қ.)

2 орын - "Нежданчики" командасы (Петропавл қ. және Көкшетау қ.)

3 орын - "Warriors"  командасы (Петропавл қ.

үздік спикер - Күлмағамбетов Бексұлтан (Петропавл қ.)

Жеңімпаздар кубок, грамоталар және бағалы сыйлықтар иеленді және пікірталас саласында  тәжірибе жинақтап,  пайдалы ақпарат алды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай