Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Желтоқсан, 2019

1672

СҚО-да «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері ҚР Ұлттық ұланның Әскери институтында болды

Қазақстандық патриотизмді нығайту, жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру мақсатында 2019 жылы Петропавлдағы Достық үйінің негізінде «Айбын» әскери-патриоттық клубы (ӘПК) ашылды.


Бұл қозғалыстың құрамына ассамблеяның жастар қанатының өкілдері арасынан ерікті жастар да кіреді. 

Жаңадан келгендерге арналған маңызды әрі жауапты бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтына экскурсия жасаумен басталды. 


Жастар музейді аралап, экспонаттармен сондай-ақ, осы бірегей институттың құрылу тарихымен етене жақын танысты. 

Сонымен қатар, институт мұражайында атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевтың және «На-На» тобының фотосуреттері мен танымал қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің жеңіс қолғабы сақталған. 

«Айбын» ӘПК мүшелері үшін нағыз оқиға электронды атыс алаңына бару болды. Онда олар институт түлектерінің әскери дайындықтарын тамашалады.


Кейін қарай