
24 Ақпан, 2016
1228
Шеберлер мектебі
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жұмысында этнос өкілдерінің қолданбалы өнерін дамыту және қолдау көрсету айырықша орын алады.
- Өткен мерекелі жылы біздер 6 көрме-жәрмеңкелер өткіздік, онда шеберлер бір-бірімен танысып, жаңа технологиялар және материалдармен жұмыс жүргізудің шеберлік құпиялары туралы пікір алмастық, - деді мекеменің әдістемелік бөлімінің халықтық сәндік қолданбалы шеберлігін дамыту әдіскері В.Майкович өз сөзінде. - Осы бас қосудан кейін шеберлік сыныбы және кеңесін құру жөнінде пікір туды. Шеберлік-сыныбы және оқу семинарлары жөнінде бағдарламалар жасалынып жұмыс алға жылжи бастады. Әр түрлі бағытта жұмыс істейтін 20-дан аса этномәдени бірлестіктерден құралған тәжірибелі шеберлер өздерімен бірге құрал-саймандарын, заттарын ала келіп, сабаққа үлкен құлшыныспен қатыса отырып, бір-бірінен өнер әлемін үйрене бастады.
Мектепте жаңадан үйренушілерге арнайы көңіл бөлінеді. Шытыра-моншақпен жұмыс істеу ғасырлық технология болғанымен қазіргі уақыт жаңа құралдармен және әдістермен жұмыс істеуді қажет етеді. Шытыра-моншақ жиынтықтарының жаңа түрлері пайда бола бастады, ол жұмысты жеңілдетеді, сондықтан оны игеру керек. Ғажайып қасиеттері бар синтетикалық материалдар пайда бола бастады, онымен жұмыс істеуді үйрену керек. Дегенмен ескі халықтық қол өнер бұйымдары ұмытылмайды. Мысалы: осы жылдың бірінші шеберлік сыныбын өткізген Тина Козлова жүнді дәстүрлі ылғалды техникада текемет етіп басуға арнады. Бұл дәстүр Оңтүстік Қазақстан облысында ескіден келе жатқан танымал дәстүр, барлық ауылдарда әйелдер жиналып, киіз үйге асарлатып текемет басқан. Жаңа технологияны пайдалана отырып, тар бөлмеде де осы жағдайды қалай жүзеге асыруға болатынына көздері жетті. Шеберлер көзілдірік қабын және косметика салатын сөмкелер жасап өз тірліктеріне риза болды.
Шеберлер Ф.Измайлова және М.Мишанова күрделі техникалармен бас киімдер және әр түрлі әйелдер киімін тоқудың күрделі әдістері бойынша қатысушыларға шеберлік сыныбын өткізді. Үшінші үйрену семинары барысында шебер Г.Остапенко әріптестерін жаңа құралдар арқылы шытыра-моншақтармен гүлдер жасаудың әдістерін үйретті. Төртінші шеберлік сыныбында кәсіби шебер А.Хохлова жаңа синтетикалық материалдардан жасалынған сәнді шаш түйреуіштерін жасау жолдарымен таныстырды. Шеберлік сыныбы мектебінің сабақ жоспарында алдағы уақытта бізбен тоқу, тал орау, дәстүрлі поляк техникасында кесу, полимерлі сазбен, жүн және маталармен жұмыс жасау, дәстүрлі этностық камзолдарға кезбелер, өрнектер жасау қарастырылған.
Қорытынды кездесу шеберлер кеңесінің отырысымен, шебер оқытушыларды марапаттаумен аяқталады, шеберлік сыныбына қатысушылар сертификат алады. Біздің шеберлердің көпшілігі жеке кәсіпкер дәрежесін иемденген, олар өнімдерін кең көлемде кәсіби түрде дайындайды. 30-дан аса дайындалған өнімдері тұрақты түрде ұйымдастырылатын көрмелер мен жәрмеңкелерде сатылады және олар жеке тапсырыстарды орындайды.
В.Майкович өз сөзінде бұл біршама қатысушылардың қызығушылығын оятуы мүмкіндігін атап көрсетті. «Көне Тараз» археологиялық кешені-мұражайының аумағында соғылып жатқан «Бейбітшілік және келісім» сарайы пайдалануға берілгенде мүмкіншілігіміз арта түседі. Онда көрме залы және жәдігерлік дүңгіршектер орналастыру жоспарланған, сонымен қатар көптеген сая жолдарда «Арбат» ашылып, онда халықтық қол өнер шеберлері өздерінің заттарын қала қонақтары мен тұрғындарына сатуға, көрсетуге мүмкіндік алады.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» ҚММ Баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ
-
Астанада Қазақстан-неміс мектебі ашылады
-
«Айбындықтар» ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебімен танысты
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
сегодня, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
сегодня, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ
-
Астанада Қазақстан-неміс мектебі ашылады
-
«Айбындықтар» ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебімен танысты