Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Тамыз, 2021

301

«Сыбайлас жемқорлықты бірлесе жеңеміз!»

Сыбайлас жемқорлық – ежелгі дәуірден бері адамзатпен бірге жасап келе жатқан құбылыс. Біз бұл сөзді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жиі естиміз, жаңалықтар легі қылмыстық схемаларды ашу туралы жанжалды тақырыптарға ұдайы толы.

Біздің елімізде cыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу арқылы жою бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен мамандандырылған мемлекеттік органдар ғана емес, азаматтық сектор да айналысады. Қоғамдық белсенділерден құралған арнайы мониторингтік топтар, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері, құқықтық медиаорталығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жаңару» республикалық қоғамдық қозғалысы белсенді жұмыс істеуде, «Nur Otan» партиясының жанында партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерімен айналысатын өңірлік Қоғамдық кеңес жұмыс істейді, жоғары оқу орындарында «таза сессиялар» акциялары өткізілуде. Осы жұмыстардың барлығына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Павлодар облысының этномәдени бірлестіктері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментінің және «Ертіс Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесулерге белсене қатысады.

Этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен «Жаңғыру жолы» жастары Facebook әлеуметтік желісіндегі Антикор Life роликтері мен тікелей эфирлерінің түсіріліміне қатысты.

Біздің тарихи дәуіріміздің ерекшелігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы құзыретті органдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды өздерінің бірінші кезектегі міндеті деп санайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тұтас ұлттың болашағына қамқорлық жасау. Сыбайлас жемқорлық аз уақыттың ішінде білдірмей бүкіл ағзаны жоятын арамза ауру сияқты қоғамды тез бұзады. Қазіргі уақытта елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының деңгейі артуда, көптеген іс-шаралар өткізіліп, роликтер мен хабарлар циклдері түсіріледі, бұл жұмыстар біртіндеп өз жемісін бере бастады. Алайда, қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалуға біздің құқығымыз жоқ. Сыбайлас жемқорлық шараларының алдын алу стратегиялық бағдарланған тәсіл және адам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа – жастарға көбірек көңіл бөлу қажет. Мектеп оқушылары арасында «адал азамат» культін қалыптастыруға – балаларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында ар-ождан, абырой қасиеттерін дамытуға назар аудару қажет.

Біз бәрін өзімізден бастау керек екенін түсінуіміз қажет. «Өзіңе адал бол!» – қоғамдағы жағымсыз көріністерді жою жолында бізді бағыттайтын қағидат. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл бір-ақ күнде шешілетін мәселе емес, бұл адамдардың жаны мен жүрегіндегі бірқатар өзгерістердің күрделі процесі және біз – біртұтас Қазақстан халқы барлық сынақты бірге еңсереміз. Біз біргеміз!

Рамиль Смаилов,

ҚХА мүшесі, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ Павлодар штабының төрағасы


Кейін қарай