Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Сәуір, 2022

974

Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы

Жақында Республикалық "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" Жобасын іске асыру аясында Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесі мен 43 "Гүлдәурен" мектепке дейінгі ұйымының ұйытқы болуымен "Бала, отбасы, балабақша" атты мәдени-бұқаралық іс-шарасы балабақша ғимаратында өткізілді.


Басты мақсаты – қоғамда әйел мен ананың рөлін, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығын насихаттау, бүлдіршін балаларды ұлттық мәдениет пен үздік дәстүрлерге тарту көзделді. Іс-шараға аналар кеңесінің, және "Жас аналар" қанатының мүшелері, балабақша ата-аналары, облысқа танымал асыл әжелер қатысты.


Іс-шара барысында "Тұғырлы отбасы-бақытты балалық шақтың бастауы" тақырыбында ой өрбітіп, пікірталас, жас аналардың шеберлік шеберханасы, асыл аналардың ақыл-кеңес сағаты және бүлдіршіндердің "Бақытты балалық шақ" музыкалық композициясының көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс -шара соңында "Қоғамдық келісім" КММ атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Кейін қарай