13 Қыркүйек, 2021
431
Талдықорғанда жас отбасылар арасында байқау ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алматы облыстық ішкі саясат» ММ-сі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастыруымен «Берекелі шаңырақ» жас отбасылар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ұлттық мәдениетті, тіл мен дәстүрді сақтау, дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өскелең ұрпақты рухани-эстетикалық тәрбиелеу, адамгершілік тәжірибені насихаттау. Шараға Алматы облысына қарасты аудан және қаладағы жас отбасылар қатысып, 4 кезең бойынша бақтарын сынады.
Қазылар алқасының құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, «Қоғамдық келісім» КММ директорының м.а. Жандос Байкамитов, облыстық Аналар кеңесінің төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы Несіпжамал Баймадиева, Сүйінбай атындағы музыкалық колледждің дәстүрлі ән бөлімінің оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері Абылайхан Хармысов болды.
Аталған байқауда Текелі қаласынан келген Искановтар отбасының мерейі үстем болып, бас жүлдеге ие болса, бірінші орынды Панфилов ауданынан Мауткалиевтер отбасы, екінші орынды Көксу ауданынан келген Асқаровтар отбасы, үшінші орынды Қапшағай қаласынан келген Усабаевтар отбасы және Ескелді ауданынан Рамазановтар отбасы иеленді.
«Берекелі шаңырақ» байқауының жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті