Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Маусым, 2021

400

Таразда мектеп оқушылары Достық үйіне қонаққа келді

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Тараз қаласындағы «Шөлдала» саяжайында орналасқан №59 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары Достық үйіне саяхат жасады.


Бұл экскурсияның мақсаты – жастардың өз еліне деген мақтанышы арқылы қазақстандық патриотизмді, белсенді өмірлік ұстанымын тәрбиелеу.

Балаларды Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ, әрі Достық үйінің басшысы Парида Мамедова қарсы алды. Парида Иманжанқызы ғимараттың үшінші қабатында орналасқан дөңгелек үстелге оқушыларды жайғастырып, әрбір орындықтың тарихтан сыр шертетінін жеткізді. Бұдан соң, жас жеткіншектерге қоғамдық келісім қызметінің қыр-сыры мен облысымызда тұратын түрлі этнос өкілдері туралы айтып берді.

Бұған қоса, мектеп оқушыларына ассамблеяның қызметі туралы баяндама жасалды. Сондай-ақ, оқушыларға облыстық ассамблеяның арнайы Құрмет тақтасында тұрған еңбегі сіңген этномәдени бірлестік төрағаларының фотосуреттері көрсетіліп, олардың жұмыстары таныстырылды.

Танымдық экскурсияның соңы фотосесиямен аяқталды.

Кейін қарай