Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Ақпан, 2022

330

Таразда Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларымен кездесті

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің 2022 жылға жұмыс жоспарына сәйкес, Қоғамдық келісім кеңестері құрылған кәсіпорындарда қоғамдық бірлік пен келісімді насихаттау мақсатында Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларымен отырысы өткізілді.

Жиынға Жамбыл облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Идирис Юнусов, «Қазфосфат» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Шахтыбай Байганов және кәсіпорын активтері мен жұмысшылары қатысты.

Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары А.Зайнутдинов ҚХА облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Келесі сөзді алған «Қазфосфат» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Шахтыбай Байганов жалпы кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп жатқандығынан, жұмысшылардың 86% қазақтар, 7% орыс ұлты, қалғандары басқада этнос өкілдері екендігінен хабардар етті.

Сондай-ақ, химия саласында жұмыс істейтіндердің зейнетке шығу жасын қайта қарауға ықпал етуге, осы сала жұмысшыларының мүгедектік алуда қиындықтар бар екендігін де баяндап берді. Жиналыс қорытындысы бойынша қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Кейін қарай