Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қазан, 2020

615

«Тіл үйрету балабақшадан басталуға тиіс»

ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Нұр-Сұлтан қалалық «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабы төрағасының орынбасары Наргизам Махмудова сөз сөйлеп, өз ұсынысын айтты.

- Мен Наргизам Ділмұратқызы, қазіргі таңда қазақ тіліне, салт-дәстүрлеріне құрметпен қарай отыра, тілі мен діні басқа өзге ұлт өкілдерінің жастары мемлекеттік тілді үйреніп, қолданып және насихаттап та жүрміз.

«Өзге тілдің бәрін біл өз тілінді құрметте» демекші, менің екі ана тілім бар. Ана сүтімен дарыған және сүйген жерімнің топырағымен дарыған екі ана тілімді ажырату, бөлу мен үшін мүмкін емес!

Менің ойымша, қазіргі таңда Қазақстанда өмір сүретін әрбір азамат пен азаматшаның мемлекеттік тілді білуі-бұл парыз деп есептеймін! Әрбір қазақстандық қазақ тілін білуі керек! Қай ұлт болмасын, мемлекеттік тілді білуі аса маңызды деп есептеймін.

Қазақстанның топырағын құтты мекен санаған және оның суын ішкін әрбір адамға бұл парыз болып есептелуі тиіс. Осының негізінде алдағы он жыл ішінде мемлекеттік тілді меңгеру бойынша түйткілді мәселелер туындамайды деп сенім білдіремін.

Мемлекеттік тілді дамыту бесіктен десек, бесік жырын отбасыдан айту қазіргі кезде алға шығып отыр және балалар бақшасында мемлекеттік тілді дамытуға аса мән берілуі қажет. Себебі «Сүтпен сіңген – сүйектен кетеді»! Соның нәтижесінде жасөспірім есейіп, мемлекеттік қызметке кіріскен сәтінде қазақ тілін меңгеруден қиындық көрмейтіні сөзсіз! Олардың мәртебесі де үстем болатыны анық!



Кейін қарай