Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қаңтар, 2021

600

Қызылордада «Туған жерге махаббат» атты байқау өтпек

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Қызылорда қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-сі қала тұрғындары арасында алғашқы рет өз туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын білдіру мақсатында «ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН МАХАББАТ» атты байқауын жариялайды.

Байқауға қатысу үшін:

#Тәуелсіздікке30жыл, #Туғанжергедегенмахаббат, #Үздікжариялым #ҚызылордаАссамблея #Kyzylorda.Assambleya хэштегтерімен өз постыңызды орналастыру қажет.

Байқауға шығармашылықтың кез-келген түрі қатыса алады (өлең, эссе, ән, бейнеролик, фотосурет немесе тағы да басқа креативті жобалар).

Байқау 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күні қорытындыланып, ең үздік үш жариялым таңдалады.

Жеңімпаздардың әрқайсысы ақшалай сертификатқа ие болады.

I орын – 50 000 теңге

II орын – 30 000 теңге

III орын- 20 000 теңге

Қосымша ақпарат алу үшін 8(7242)70-03-92 телефон нөмеріне хабарласуға болады.


Кейін қарай