
25 Мамыр, 2016
1087
Жексенбілік мектептерінде жазғы демалыс басталды
Көптен күткен жаз маусымы да келді, бұл елордамыздағы этномәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептері жазғы демалысқа шығатын уақыт жетті деген сөз.
22 мамыр күні № 32 мектеп-гимназияда «Ван» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жексенбілік мектебінде оқитын төменгі сынып оқушыларына арналған «Әліппе мейрамы. Менің Отаным Қазақстан-Армения» атты ертеңгілік өтті. Қалыптасқан дәстүр бойынша мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Одан соң балалар армян әліппесінің негізін қалаушы – Месроп Маштоц туралы сахналық қойылым көрсетіп, армян тілінде өлеңдер оқып, Қазақстан мен Армения туралы әндер айтты.
Мерекелік концертке Қазақстандағы Арменияның дипломатиялық корпус өкілдері, қалалық ҚХА хатшылығының қызметкерлері, ата-аналар мен жексенбілік мектеп оқытушылары шақырылды. Армения Ресепубликасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ара Саакян, Қазақстандағы Армения Елшілігінің консулы Мгер Бадалян, Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы Гүлнар Тайгокова сынды мәртебелі меймандар жиналғандарды ерекше мейраммен құттықтап сөз сөйледі.
Мерекеге қатысқан ата-аналар өз балаларының армян тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрін танып-білуге жағдай жасағаны үшін мемлекетке алғыстарын жаудырды.
Дәл сол күні «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жексенбілік мектебінде жас түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Оған жексенбілік мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
«Бүгінгі таңда жексенбілік мектепте 30 шақты бала оқиды. Біздің оқушыларымыз республикалық, қалалық деңгейдегі байқаулар мен фестивальдерге жиі қатысып тұрады. Балаларымыз ана тілінде өлеңдер оқиды, татардың ұлттық әндерін орындайды. Олар ата-аналарымен бірге елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға жиі атсалысып тұрады», - дейді Татар-башқұрт жексенбілік мектебінің жетекшісі Нұрия Зағидулина.
Оқу жылының аяқталуына орай өткен мерекелік іс-шара барысында балалар татар халқының ұлы ақыны әрі жазушысы Ғабдолла Тоқайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, татар халқының ұлттық әндерін айтып, билерін биледі. Мерекелік рәсімнің ресми бөлімінің соңында оқуда үздік деп танылған оқушыларға «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі атынан Алғыс хаттар табысталды. Одан соң балалар ата-аналарымен бірге театрландырылған «Сабантой» қойылымын көрсетті. Мереке соңында барлығы татар халқының ұлттық тәтті дәмдеріне толы дастарханға жиылды.
_____________________________
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:
тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659
WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
ҚХА АКАДЕМИЯСЫНДА ОҚУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
-
БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
-
Семейлік меценаттардың арқасында 150 бала спорт мектептерінде тегін жаттығуда
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
ҚХА АКАДЕМИЯСЫНДА ОҚУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
-
БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
-
Семейлік меценаттардың арқасында 150 бала спорт мектептерінде тегін жаттығуда