Қазақстан халқы Ассамблеясы

3795

БҚО қоғам белсенділері: Елбасы қордаланған мәселерді өткір көтерді

Елбасының биылғы Жолдауы негізінен қоғамның қазіргі мәселесін қозғауымен ерекшеленді.

Халықтың білім беру мен денсаулық сақтау саласының жұмыс сапасына көңілі толмайтындығын алға тартқан Елбасы Н.Назарбаев өзге де салаларға қатысты қордаланған мәселелерді өткір көтерді.

Маңызды салалардағы әкімшілік кедергілерді болдырмау мақсатында бірқатар бақылаулардың азаюы немесе жылдап тексеруге мораторий жариялануы салдарынан сапаның мүлдем төмендеп кеткені, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың алға баспауы, шағын кәсіпкерліктің кең өріс алмауы, бөлінген бюджет қаржысының мақсатты игерілмеуі, нәтижесіз жиналыстардың тым көптігі, құқық қорғау жүйесінің қожырауы және сот жүйесіндегі реформаның бәсең жүруі Елбасы ерекше тоқталған өзекті мәселелер болды.

Жағдайды сапырма цифрға қарап емес, шынайы бағамдап отырған ел Президенті іс басындағы азаматтарға аталмыш келеңсіздіктерді жойып, жаңаша дамыту туралы ұсыныс түсірулерін қадап айтты.

Жолдаудың жаңалығы «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдауды ұсыну мен келер жылдың жастарға арналуы дер едім. Баспана мәселесін қаузайтын «7-20-25» бағдарламасын жүйелі іске асыруды облыс басшыларына тікелей тапсыруы бұл бағыттағы іске тың серпін береді деп ойлаймын.

Илияр Муталипов,

"Ұйғыр этномәдени бірлестігі»

жастар қанатының төрағасы, БҚО

Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында жастарды назарынан тыс қалдырмай келеді, ал биылғы жолдаудың орны жастар үшін тым бөлек. Өйткені 2019 жылды Жастар жылы деп жарияланды.

Ел ертеңі саналатын жастар әрқашанда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдап, халыққа деген жолдауын жүзеге асыруға ықпал етуге міндеттіміз.

Бүгінгі таңда жастардың жан-жақты дамып жетілуі, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде білім алуы, әлемдік саясат сахнасында өз орындарын айшықтай білулері, қоғамда өз орындарын табуына қолдау көрсетуі Елбасының асқан бір көрегенділігінің белгісі.

Жастарға білім беру саласы бойынша, қазіргі таңда 3 кезеңмен оқитын мектептеріміз бар, мұндайға біз жол бермеуіміз қажет деді Елбасы. Осы тапсырманы шешу үшін үкіметке мектептер салу үшін 50 млрд теңге бөлуге тапсырма берді.

Педагоктардың мәтртебесін арттыру мәселесі де қозғалды, иә, бұл да қазіргі таңдаңдағы ұстаздардың ұсынысы деп білеміз. 

Елімізде медицинаның дамуына ден қою керек екендігін де айта кетті, заманауи медицина жабдықтарын елімізге алдыруға тапсырма берді. 
Жастарды спортқа тарту үшін барлық жағдайдың жасалуын, спорттық обьектілерді салуды, соның ішінде шалғай жатқан ауылдарға бұл кешеннің қажет екендігін айтты.

Халыққа қатты ұнап жатқаны, жалақының көтерілуі, төменгі жалақыны 28 000-нан 42 000-ға көтеруді тапсырып, бюджеттік қызметкерлердің жалақысын 35 пайызға өсіру туралы естіген халық бір қуанып қалды. 
Жалпы алғанда еліміз дұрыс бағытта қарқынды дамып келе жатқанын сезінеміз. Болашағымызға еш алаңдамауға болады,тек берілген тапсырманы ел болып атқаруымыз қажет.

Елбасы халыққа Жолдауында келер жылдары қай бағытта жұмыс жасауымызды айқындап берді.

Флюра Миликеева,

«Татар мәдение орталығы»

этномәдени бірлестігінің төрайымы,

 

Еліміздің Президенті, кемеңгер көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күні кешегі қазақстандықтарға арнаған Жолдауын тұшынып оқып шықтым. Алтын күздің шұғыласындай көпұлтты қазақ елінің жүрегіне жылылық сыйлаған Елбасы бұл жолғы кезекті Жолдауының мән-маңызы ерекше болды.

Тарихи құжат елдің бүгіні мен болашағын айқындап бергендей. Әсіресе, бесіктен белі шыққан ұрпақты тәрбиелеп, санасына білім мен кеудесіне кісіліктің нұрын құятын ұстаздар мәртебесін биіктету жолында арнайы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау көкейде жатқан көптеген түйткілдерге қойылатын тосқауыл десем болады.

Бұл мұғалімдерді артық жүктемелерден арылтып, тек өз міндеттеріне ғана көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Осы ретте білімдерін тереңдетіп, тәлім-тәрбиенің қауқарын күшейтеді деп ойлаймын. Өйткені,  жылы ұясынан қарлығаштың балапанындай қанатын бебеулетіп ұшып шығатын ұл-қыздарымыз ертең-ақ есейіп, қоғамның бір бөлшегіне айналады емес пе?! Ал осы титтей бүлдіршін аға-ұрпақ өкілдерінің тамырдай жалғасы.

Ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, «Үміт еткен көзімнің нұры балам...» қисық ағаштай қыңырайып, бұзық болып өссе талай адамның өзегіне өрт салмай ма?

Сондықтан Елбасының дәл осы болашақ тұлғаны тәрбиелейтін педагогтар қауымына қарата айтқан сөздері әрбір ұстаздың иығына салмақты жүк артып қоймай, ата-аналармен бірге қоғамның зиялы қауымының да бірге атсалысып, «арбаны» алға сүйреуіне тура келеді.

Себебі еліміздің тыныштығы, заманымыздың өркендеуі, мәдениетіміздің өсуі, экономикамыздың ілгері дамуы, бәрі-бәрі құмыраға отырғызылған гүл секілді әр адамның сергек санасынан, ақыл-парасатынан, біліміне қоса түзу көзқарасынан бастау алып, дамиды, бүр жарып өседі. 

Кемеңгер Елбасының бұл жолғы Жолдауы патша көңілге одан бетер қанат бітіргендей. Бұған дәлел, халықтың әл-ауқатының артуы үшін агроөнеркәсіп саласына, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына, қолжетімді баспанаға, ұлт саулығына айрықша мән берілген. Жалақы мәселесіне де жақсы көңіл бөлінген. «Бірінші байлық – денсаулыққа да» талап пен талғам күшейген. Көңіліме тағы бір қонғаны, бұйыртса, үш айдан соң төрімізге енетін Жаңа жылымыз Жастарға арналыпты. «Мен жастарға сенемін!» деп ақын Мағжан Жұмабаев өз заманында жырлағандай, біз де көздерінде оты бар, жүрегінде жалыны бар, кеудесінде иман-байлығы бар ізетті әрі оқымысты, қарапайым қалпынан танбайтын жастарға сенім артамыз.

Жарқын болашағымыз бен нұрлы таңымызды, бейбіт өмірімізді өскелең жастардың қолына сеніп тапсырамыз. Барша Жайық жұртын Жолдауды қуаттап, Елбасының әр айтқан тапсырмасын жүзеге асыруға шақырамын. 

Мира Шүйіншәлиева,

ҚХА БҚО «Аналар кеңесінің»

мүшесі, жазушы-журналист,

Елбасы өз жолдауында «..сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа  жетуінің кепілі елдің басты байлығы –адамның даму мәселесі болып отыр» деп атап көрсетті. Осыған орай Жолдаудың басты басымдығы  – қазақстандықтардың әл-ауқатын өсіру. Бұл үшін Елбасы 6 басымдық бағытты және оны жүзеге асыру жолдарын айқындап көрсетті. 

Ең бастысы, бұл басымдықтарды жүзеге асыру азаматтардың мүддесін қорғауға бағыттала отырып, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді.

Қазіргі жаһандық бәсекеге қабілетті болу Қазақстан үшін үлкен сынақ.  Себебі геосаяси жүйенің нақ ортасында тұрған Қазақстан үшін жаһандық проблемалар өз кезегінде мемлекеттің халықаралық жүйедегі позициясының сақталуына, халықтың әлеуметтік жағдайына толықтай ықпал ететіні сөзсіз. Ендеше бәсекеге қабілетті туған тілін, елін, жерін сүйетін, өз ойын еркін жеткізе алатын, білімді, кез келген жағдайға икемді құзыретті тұлға тәрбиелеу – қөазіргі заман талабы.

Ондай тұлғаны тәрбилеуші – ұстаз. Оқу орындарындағы басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр.

Демек, мұғалім біліктілігі – еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі.

Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шыға алады. Біздің бүгінгі жылдан-жылға алға басқан қоғамымыздың ең көкейтесті мұраттарының бірі болып отырған, білімді педагог кадрларды әзірлеу және қалыптастыру мәселелері, соның ішінде ұстаздар біліктілігін жүйелі арттырып отыру жолдары енгізілуде. 

Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуына табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр.

Білім берудің сабақтастығы ретінде Жолдауда жоғарғы білім беру ісі де назардан тыс қалған жоқ. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы деп көрсете отырып, білім алған жастардың жұмысқа орналасуы тек олардың жеке ісі емес, даярлаушы мен жұмыс берушінің бірлескен ісі екеніне де назар аудартып отыр.

         Жалпы, Жолдаудағы бұл Жолдаудың адамды жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталғандығын айқын аңғаруға болады. Сондықтан да  Жолдаудың әрбір басымдығы мен жүзеге асыру жолдары Қазақстан азаматтарын  өздерінің алға басуында көлемді де мәнді істерді атқара отырып, Қазақстан жаңа биік белеске шығады деген сенімге жетелейді.

 

Алтынай Журасова,

БҚО ҚХА эксперті,

ғылыми-сараптама

тобының мүшесі.

 

Жыл құсындай жағымды жаңалық әкелетін дәстүрлі Жолдауды жалпақ жұртшылық жылы қабылдауда. Елбасы Жолдауда «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», деді.

Мемлекет Президенті биылғы Жолдауда да жастар саясатына аса мән беріп, жастар мәселесін шет қалдырмады. Елбасының әркез жастардың жағдайларын жақсарту, олардың қоғамда өз орындарын табуына қолдау көрсетуі асқан бір көрегендіктің белгісі.

Ниязбек Есеналиев,

« Жаңғыру жолы» жастар

қозғалысының мүшесі

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауын жыл сайын бір үмітпен күтетін болдық. Биылғы Жолдауда тақырыбының өзінен-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға қатысты мәселелер айтылғанын бірден аңғаруға болады.

Әсіресе халықтың тұрмыс сапасын арттыруға қатысты, білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері туралы бағыты мені қатты толғандырды.

Неге десеңіз, біз өмір сүріп жатқан қоғамда тұрмыс-тіршілігі өте нашар отбасылар, зорлық-зомбылықты көріп жатқан ана мен бала мәселесі де толып жатыр. Оған көзімізді жауып қарай алмаймыз. Тұрмыс сапасының төмендігінен қаншама отбасылар туындаған қиын мәселенің шешімін таба алмай, қиналып, ат тонын ала қашып, бірден ажырасуға әрекет жасауда.

Халықтың сапалы білім, жоғары медициналық көмек, тұрғын үй мәселесі, бір сөзбен айтқанда халықтың әл-ауқатын түзейтін кезең туған сияқты. 

Қазақстан халқы үлкен белестер мен даму кезеңдерін артқа тастады. Әлемге әйгілі болды. Енді міне, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, зияткерлік білім алуға құқылы болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін тиімдірек ұйымдастырыла бастады.

Рауша  Куаншалиева,

БҚО ҚХА

Аналар кеңесінің мүшесі

Кейін қарай