
13687
Ерсін МҰСАБЕКОВ: Елбасы Жолдауда толғақты мәселелердің түйінін тарқатты
Қоғамның басты құндылығы – адами капитал.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі Жолдауы адам капиталының әлеуетін арттырып, қоғамның ең басты қозғаушы күші саналатын қарапайым халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталды. Бұл дегеніміз – бақуатты қоғамның бағдары.
Жалпы, қазақстандықтар Елбасының әр Жолдауы мен Стратегиялық бағдарламаларын асыға күтіп, ыстық ықыласпен қабылдайтын жағдайға жетті. Өйткені, Елбасының байыпты бастамалары мен сұңғыла саясатында нәтиже бар.
Ал, ол нәтиже халық игілігіне айналып отыр. Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктерімізді тілге тиек еткен Елбасы осынша игіліктің барлығы ұтымды ұйымдастыру мен қоғамдық келісімнің, ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың арқасында мүмкін болғанын қадап айтты. Және бұл үрдіс жалғасын тауып, мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталатын болады. Үкіметтің толық құрамы, жергілікті атқарушы билік өкілдері, Мәжіліс, Сенат депутаттары мен ұлттық компаниялардың жетекшілері алдында ашық әңгіме жағдайында жария болған кезекті Жолдаудың маңыздылығы сол – бұрынғы Жолдаулар мен Стратегиялардың жалғасы бола отырып, тың міндеттер мен өзекті проблемаларды дөп басуында.
Кейбір экономикалық көрсеткіштерге көңілі толмайтынын ашық айтқан Мемлекет басшысы оларды шешу жолдарын нақты айқындап беріп отырды. Елбасы сынға алып, өзектілігін ашық айтқан мәселенің барлығы – қарапайым қазақстандықтардың көкейінде жүрген түйткілдер. Мәселен, мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау, медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласының жұмысын жетілдіру секілді толғақты мәселелердің түйінін Елбасы өзі тарқатты. Қалай болғанда да, қоғамдық жүйе де, қарапайым халық та бір серпіліп қалды.
Ерсін МҰСАБЕКОВ,
Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті
Бас редакторының бірінші орынбасары
Ұқсас жаңалықтар
-
Қостанайлықтар: Жолдаудағы әрбір тармақ –қарқынды дамуға бағытталған тарихи іргетас
-
Түркістандықтар: Елбасы Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясымен ұштасып жатыр
-
Қарағандылықтар: Жолдауда ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға аса көңіл бөлінген
-
БҚО қоғам белсенділері: Елбасы қордаланған мәселерді өткір көтерді
-
Салимхан Сабитов: Жолдауда мен сияқты мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілдерінің шет қалмағаны көңіл жұбатады
-
Орынбек Айтбенбетов: Елбасының бастамалары – жаһандануға апарар айқын жол
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қостанайлықтар: Жолдаудағы әрбір тармақ –қарқынды дамуға бағытталған тарихи іргетас
-
Түркістандықтар: Елбасы Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясымен ұштасып жатыр
-
Қарағандылықтар: Жолдауда ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға аса көңіл бөлінген
-
БҚО қоғам белсенділері: Елбасы қордаланған мәселерді өткір көтерді
-
Салимхан Сабитов: Жолдауда мен сияқты мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілдерінің шет қалмағаны көңіл жұбатады
-
Орынбек Айтбенбетов: Елбасының бастамалары – жаһандануға апарар айқын жол