23 Тамыз, 2021
79
Қарағандыда «Сарыарқаның жауһар мұрасы» жобасы іске қосылды
Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сарыарқаның жауһар мұрасы» жобасын іске қосты. Аталған жоба өзге этнос өкілдеріне қазақ қолөнері мен кәсіпшілігін үйретуге арналған шеберлік сабақтарынан тұрады.
Шеберлік сабақтарының мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін және қазақстандық патриотизмді нығайту, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін, халық қолөнерін, тарихын, философиясын және құндылықтарын таныстыру.
Шеберлік сабақтарға Қарағанды өңірінің атақты шеберлері, атап айтсақ, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, сәндік-қолданбалы өнер оқытушылары, оқу орталықтарының өкілдері тартылды.
Айта кету керек, бұл шеберлік сабақтар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында ұйымдастырылды. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты шеберлік сабақтар бейнеролик форматында түсіріліп, әлеуметтік желілерде көрсетіледі.
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әйгерім Исбекова: «Мәдени мұраларымыз, ұлттық құндылықтарымыз - біздің еліміздің ортақ игілігі болып табылады. Өйткені, оның негізінде қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, әдет - ғұрпы, сондай-ақ өнері жатыр», - дейді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақтану жобасы – қоғамның ұйытқысы
-
Ақтаудағы украин этномәдени бірлестігі «Қазақ тілінің алғашқы клубы» атты өз жобасын ұсынды
-
Елордада «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Қарағандыда «Assembly CUP» I дебаттық турнирі өтті
-
Қарағандыда «Тәуелсіздік: ұлт рухының қайнар көзі және бастауы» тақырыбында онлайн талқылау өткізілді
-
«Достық» депутаттық тобы ҚХА міндеттерін іске асыруда жаңа тәсілдерді қолданбақ
25 Шілде, 16:27
Бейбітшілік және Келісім маршы Атырауда
27 Шілде, 18:07
«Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра»
28 Шілде, 17:25
Жаңа Қазақстандағы жастардың бейнесі
26 Шілде, 15:43
Алматыда Қазақстан дүнгендері республикалық этномәдени орталығының жиыны өтті
25 Шілде, 17:11
Еріктілер марапатталды