Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Маусым, 2021

772

Қарағандыда «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» жобасы аясындағы байқау қорытындыланды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысы ҚХА Ғылыми-сараптама тобы ұйымдастырған «Ел тағдырындағы менің отбасымның тарихы» атты байқауға орта мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

Байқаудың мақсаты - ұлттық бірегейлік пен бірлікті нығайту, тарихи сананы қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды танымал ету арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыру. Сондай ақ, патриоттық қасиеттерді дамыту, жастарды өз мемлекетінің және өз отбасының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.


Солақай саясат салдарынан халқымыздың басында болған нәубет жылдар, тағдыр айдауымен қазақ жерінен пана тапқан түрлі ұлт өкілдерінің өмірі және Алаш арыстарының қайраткерлік жолы жайлы баяндалған бейнероликтер көрсетілді.

Байқауға барлығы 70 жұмыс тапсырылып, оның 25-і жүлделі орындарға ие болды. Әсіресе, Тимофей Вальц пен Айзере Ырысбаеваның бірлескен бейнеролигі қазылар алқасының көңілінен шықты.

Кейін қарай