03 Шілде, 2021
494
Домбыраны жанына серік еткен Кристина
Қашанда қадір тұтып, төрге іліп, қастерлеген қазақтың қара домбырасын қарағандылық жас өнерпаз Кристина Осуховская жанына серік етіп келеді.
Музыка тілі барша әлемге ортақ. Қазақ жеріне табан тіреген кез-келген өзге ұлт өкілінің назары бірінші домбыраға ауатыны анық. Сондай қызығушылығы ерте жасында оянған Кристина қазірде қазақтың қара домбырасының құлағында ойнайды. Ол осы өнерімен талай байқауларда жүлделі орындарды иеленіп үлгерген.
Үшінші сыныптан бастап, Саран қаласының өнер мектебінде білім алады. Ұстазы Гүлмира Абжатова домбыра шертудің қыр-сырын үйреткен. Қристина қзіргі таңда Тілендиев, Құрманғазы, Момбеков, Ахмедьяров сынды композиторлардың, тағы басқа авторлардың туындыларын қосқанда 30-қа жуық күй біледі екен. Салалы саусақтары домбыра пернесінің бойымен жүйткігенде тыңдаушының жүрегінің қыл пернесін қозғайды. Аспапты жіті меңгерген. Болашақта Кристина білімін жетілдіріп, домбыра шертуді тастамайтынын айтады.
Осы дәрежеге жетуіне жол сілтеп, септігін тигізген жоғарыда аталған ұстазына алғысын білдіреді. Олардың еңбегі зор екендігін атап өтпеске болмас.
Осындай асыл қазынамызды жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде белгіленген болатын. Бұл киелі аспаптың дәрежесін одан әрі асқақтата түскендей.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЕЛІМІЗДЕ ҚХА ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН 1200-ДЕН АСА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
-
ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДА
-
Республикалық Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» атты интеракция бойынша конференция өтті
-
«Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» атты интеракция конференциясы
-
Алматыда сарапшылар ғылым мен бизнестің серіктестігін талқылады
-
Ақтауда өткен сайыста этнос өкілдері қазақ тілін жеткен меңгергендерін көрсетті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
сегодня, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті