Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Сәуір, 2022

461

Достық үйімен танысты

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы 1 наурызда ашылған этносаралық қатынастарды үйлестірудің бірегей институты.


Халық арасында достық үйі деп аталатын Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Конституциясы көшесі мен Жамбыл көшелерінің қиылысында, яғни, қаламыздың дәл орталығында орналасқан.

Бүгін Достық үйіне осы ұйыммен, этномәдени бірлестіктермен танысу мақсатында дарынды балаларға арналған «Лорд» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқушылары келді.


Кабинеттерде балаларды күтіп алған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, оларды этностар мәдениетінің ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, танымал адамдар, сондай-ақ өткізіліп жатқан имидждік іс-шаралармен таныстырды.

Әр этностың тарихы мен рухани мәдениеті сол этнос этномәдени орталықтарының кабинеттерінде сақталған. Онан әр ұлтқа тән сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, әр тілдегі әдебиеттер, музыкалық аспаптармен таныса аласыз. Мұндағы әрбір экспонатқа ерекше сүйіспенілікпен және ықыласпен күтім жасалады, өйткені олардың барлығы Қазақстандық этностардың бай мұрасы болып табылады.


Балалар түрлі этностардың салт-дәстүрлері туралы таңғажайып әңгімелер мен тарихи деректерді аса үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, өз білімдерімен бөлісті. Экскурсия мен танымдық таныстырымды «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Елена Баязитова жүргізді.

Экскурсия соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы фильм көрсетілді, сондай­ақ «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Азиза Коспекова ҚХА қалыптасуы мен дамуының негізгі тарихи кезеңдері туралы айтып берді.

Кейін қарай