Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қазан, 2015

1061

Көне Отырарда ашылмаған құпия көп

1 қазан күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тарихи-мәдени экспедициясы Түркістан қаласынан көне Отырарға қарай бет алды.

1 қазан күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тарихи-мәдени экспедициясы Түркістан қаласынан көне Отырарға қарай бет алды.

Экспедициялық топ сапардың алғашқы күнінде «Отырар» қорық-археологиялық мұражай кешеніндегі «Арыстанбаб», «Құрбан ата», Өзбекәлі Жәнібеков кесенелерінде болып, олардың рухына құран бағыштап, көне Отырар қаласында жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстармен танысты.

«Отырар» қорық-археологиялық мұражайының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ержан Есжан: «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кезінде бірқатар қазба жұмыстары жүргізілгенімен, оның тарихи топографиясы бойынша, әсіресе, қамалдың қайда екендігі жөнінде зерттеушілер әлі де бір пікірге келе қоймады»,-деді.

Отырар дегенде, ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби есімі қатар аталатындығы белгілі. Ұлы ғалым өмірге келген киелі жерде оның есімімен аталатын мұражай бар. Қатысушылар аталмыш мұражайда өңір тарихынан сыр шертер жәдігерлермен , көнеден жеткен құнды кітаптармен танысты.

Экспедиция мүшелері Әл-Фараби атындағы мұражайға барып, мәдениет сарайында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында «Теңдессіз сый» акциясы аясында «Ұлы Дала өсиеті» мен «Қазыналы Оңтүстік» кітаптарының кезекті шығарылымы жергілікті орталықтандырылған кітапханаға тарту етілді. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Р.Әліш сөз сөйлеп, экспедиция жетекшісі Е.Байқонақовқа аудан атынан арнайы естелік сыйлық табыстады. Экспедиция мүшесі, ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ғ.Маймақов сапардың мәні мен маңызына тоқталса, өлкетанушы Б.Бейсенбай Отырардың түркі ғылымындағы алатын орны жөнінде келелі баяндама жасады. Бұдан бөлек, жергілікті өнерпаздар әл-Фараби өмірінің соңғы сәттерінен театрландырылған көрініс қойып, әсем әннен шашу шашты.

Кейін қарай