Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Мамыр, 2021

260

«Кентрон» – біздің екінші үйіміз»

СҚО Достық үйінде көп жылдан бері «Кентрон» Солтүстік Қазақстан облыстық армян мәдениеті орталығы» жұмыс істейді («Кентрон» армян тілінен аударғанда «орталық» дегенді білдіреді). 2015 жылы қоғамдық бірлестіктің жұмысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.


Солтүстік Қазақстанның этномәдени бірлестіктері мен Достық үйінің қонақтары біздің мерекелеріміз бен іс-шараларымызды біледі: Арменияның Тәуелсіздік күні, Терендез мерекесі, Сұлулық пен ана күні, Иван Купала күнін еске салатын Бардовар мерекесі, жүзім мерекесі және тағы басқалары. «Кентрон» – Достық үйінде біздің әріптестеріміз - басқа этномәдени бірлестіктер өткізетін іс-шараларға белсенді қатысушы.

Оқиғалардың жарқын айғағы – СҚО ҚХА орталығының қабырғаларын кілемдей жапқан фотосуреттер болып табылады.

Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу күндері көптеген отбасылар Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларын еске алды. Соғыс жылдары армян этносының 100 өкілі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Жақсы дәстүр бойынша жыл сайын «Кентрон» белсенділері соғыс ардагерлеріне азық-түлік жиынтықтарын жеткізеді.

Басқа этномәдени бірлестіктермен қатар «Кентрон» орталығы өмірде қиын жағдайға тап болған жандарды қолдайды: «Мейірімділік пен құрмет күні» қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып, балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне және Сәбилер үйіне қол ұшын береді.

Армян отбасыларында тіл мен дәстүрді құрметтейді. Ересектер мен балалар Арменияның әдебиеті мен тарихын, ана тілін өскелең ұрпақ арасында насихаттауда маңызды рөл атқаратын Ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің оқытушысы С.С.Асланянға дән риза. 2006 жылы Қазақстан армяндарының бірінші форумында С.С.Асланян үздік армян тілі мұғалімі деп танылды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы білім, мәдениет және салт-дәстүрмен қоса, кәсіпкерлік бастаманы да дамытуға мүмкіндік берді. Г.А. Бегларян, А.А. Арутюнян, С.Н. Джанунц, З.А.Мхоян, А.А. Погосян, Н.Ю. Арутюнян, Б.С. Мартиросян және басқа да көптеген кәсіпкерлер Солтүстік Қазақстан бизнес-қоғамдастығының құрметіне ие болды.

Алдағы 2022 жылы мерейтойымызды өткізуді жоспарлап отырмыз. «Кентрон» Солтүстік Қазақстан облыстық армян мәдениеті орталығына 25 жыл толмақ.

Әйгілі сатирик Е. Петросян былай дейді: «Армян халқы өзінің бірлігі, позитиві арқасында бәрін бастан кешуде. Сіз қабағын түйген армянды көрдіңіз бе? Мен көрмедім». Біздің тату да жарқын этностың алдында өзінің туған үйі деп әділ санайтын, берекелі Қазақстан жерінде көптеген игі істер бар екеніне сенімдімін.

Г.В. Геворкян, «Кентрон» Солтүстік

Қазақстан облыстық армян мәдениеті

орталығы» ҚБ төрағасы


Кейін қарай