Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қаңтар, 2024

135

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ӘЛЕУЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысына ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаилов, республикалық медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов іссапармен келді.

Сапардың алғашқы күні Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан «Достық үйінің» құрылыс жұмыстарымен танысудан басталды. Президент тапсырмасына сәйкес салынып жатқан 4 қабатты ғимараттың құрылысы бүгінгі таңда қызу жүргізіліп жатыр. Аталған ғимарат биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ сапар аясында «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ҚХА жанындағы құрылым жетекшілері және этномәдени орталықтарының жетекшілерімен, Түркістан қаласы мен Сауран ауданының мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік қызметкерлермен, қоғам белсенділерімен, Ардагерлер, Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің төрағаларымен, білім беру ұйымдары басшыларымен кездесу өтті.

Келелі басқосуға қатысушылар этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту бағытында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Елордадан келген топтың Түркістан облысына сапары аудан, қалаларда жалғасты. Сапар шеңберінде Кентау қаласы мен Мақтаарал, Сарыағаш, Төлеби, Сайрам аудандарында бірнеше кездесулер өтті.

Кейін қарай