Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Наурыз, 2022

375

Таразда түркітілдес халықтарға ортақ «сумаляк» әзірленді

Түркі халықтарына ортақ Наурыз мерекесін Жамбыл өңірлік ассамблеяның тәжік этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Гульхумор (Лола) Давлатова бастаған Аналар кеңесі атап өтті.

Іс-шараға облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің өкілдері, өнерпаз жастары, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова мен «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі орталығының тілшілері қатысты. Сонымен қатар, Алматы қаласының Тәжіктер консулдықтарынан төрт және Аналар кеңесінен алты адам қонақ боп келді.

Өз кезегінде, жиылған аз ғана қауымға Жамбыл облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен, тәжіктердің өздерінің салт-ғұрыптары бойынша «С» әрпінен басталатын жеті тағам және «Ш» әрпінен басталатын жеті тағам қойылған кең дастархан жайылды.

Сондай-ақ, алыстан келген қонақтарға өңірлік тәжік халқының тарихы, мәдениеті, әдебиеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінен сыр шертетін кішігірім көрме ұйымдастырылды

Сонымен бірге, аналардың бас қосуының ең қызықты сәті – білмегендерге, бірнеше түркі тектес халықтарға – өзбек, тәжік, т.б. ортақ «сумаляктың» дайындалу рәсімі мен тағамның кішігірім тарихымен Лола Давлатова таныстыра кетті:

- Наурыз мейрамы – барша түркі халықтары үшін, оған қоса, Қазақстанда тұратын түркі этнос өкілдері үшін де басты мереке. Тәжік этносы үшін бұл мейрам «сумаляк» тағамын дайындаумен ерекшеленеді. Ежелгі уақытта сумаляк көктемгі егіс басталғанға дейін дайындалатын салттық тағам ретінде ұсынылған. Ол ұнтақталған бидай дәндерінен дайындалады, одан соң ұн араластырылып, қазандықтағы мақта майында 20-24 сағат бойы қайнатылады. Бұл тағам адамдарға күш-жігер беріп, рухани азықты болуға зор пайдасын тигізеді деген наным бар. Бұл енді халықтың байырғы заманнан келе жатқан сенім-ниеті, бұл да бір тәжік халқының салт-дәстүріне жатады, – деді.

Кейін қарай