Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Наурыз, 2022

397

Қызылордада Аналар кеңесі үлгілі отбасылармен жылы кездесу ұйымдастырды

Қызылорда облыстық Аналар кеңесі Алғыс айту күнін мерекелеу аясында үлгілі отбасылармен жылы кездесу өткізді.

Кездесуге 9 отбасы шақырылды. Олардың арасында көпбалалы, интернационалды, жас отбасылар бар. Қожабековтар, Филипповтар, Шалтақбаевтар, Валишевтар, Ким, Шек, Суровикиндер, Тыныбаевтар, Ілиясовтар отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұстанатын, өз балаларын үлкендерді құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілік танытуға тәрбиелейтін үлгілі отбасылар болып табылады.


Кездесуге Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы М.Ж. Қазбекова қатысты. Мира Жомартқызы өз сөзінде Алғыс күнінің мәні мен символикасына ерекше назар аударып, үлгілі отбасыларына балаларын лайықты тәрбиелегені және отбасылық құндылықтарды нығайтқаны үшін шынайы алғыс білдірді.

Ата-аналар мен балаларынан құрылған Қожабековтердің отбасылық ансамблі барлық қатысушыларға ана, Отан және бір-біріне деген алғыс туралы әндер айтып, тамаша көңіл-күй сыйлады.


Мерекелік кездесуге қатысқан барлық отбасыларға шай ыдыстары мен гүлдер табысталды.

Іс-шараға аудандық Аналар кеңестерінің төрайымдары кездесуге онлайн форматта қосылды.

Кейін қарай