
29 Желтоқсан, 2022
22
Үздік отбасылар марапатталды
Іле ауданындағы Ынтымақ ауылында Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ортақ шаңырақ аясында» жобасы бойынша облыстық «Үздік отбасы» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Шара адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталды.
Байқауға еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік және тағы басқа қоғамдық пайдалы қызмет атқарып жүрген үлгілі отбасылар қатысты.
Салтанатты рәсімде облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры М.Илипов мәресіне жеткен байқауға белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, отбасы мәртебесін арттыру, ата-аналардың үлгі тұтарлық жетістіктерін насихаттауға қосқан зор үлестері үшін әр ауданның жеңімпаз отбасыларын марапаттады.
Шараға қатысушылар Іле аудандық Аналар кеңесі тарапынан ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Сонымен бірге сахналық көріністер мен жергілікті өнерпаздар әзірлеген концерттік бағдарлама баршаның көңілінен шықты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Таразда «Татулық және келісім» байқауының жеңімпаздары марапатталды
-
Этножурналистика саласындағы үздіктер
-
Нұр-Сұлтан қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы отбасыларға қайырылымдылық көмек көрсетілді
-
Еріктілер марапатталды
-
Жүйріктер марапатталды
-
Маңғыстауда «Шаңырақ» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ұқсас жаңалықтар
-
Таразда «Татулық және келісім» байқауының жеңімпаздары марапатталды
-
Этножурналистика саласындағы үздіктер
-
Нұр-Сұлтан қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы отбасыларға қайырылымдылық көмек көрсетілді
-
Еріктілер марапатталды
-
Жүйріктер марапатталды
-
Маңғыстауда «Шаңырақ» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды