23 Қазан, 2020
1213
«Жаныммен де, жүрегіммен де қазаққа айналғанмын»
ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Светлана Крюгер кезекті сөз алып, өзін таныстырып өтті.
- Мен – Светлана Владимировна Крюгер. Ұлтым – неміс. Елбасы Сыр елін Алаштың анасына балаған қасиетті Қызылорда облысының қызымын. Қазақ жастарының тұңғыш көшбасшысы, атақты Ғани Мұратбаевтың дүниеге келген киелі Қазалы ауданының тумасымын.
Қалың қазақтың ортасында өстім. Сыр елінің ыстық күнінің нұрына шомылып, майлы топырағын кешіп, арығының суына қазақтың қара домалақ балаларымен ойнап жүріп, қалай мен қазақ тілін білмеймін?! Мені ешкім қазақ тілін үйрен деп қинаған жоқ. Қазақ тілін өзім үйрендім.
Қазақ тілін менің бойыма қазақтың ортасы сіңірді. Қазақ тілін білуді отбасымдағы тәрбиемен де байланыстырамын. Атам қазақ тілінде өте жақсы сөйлейтін, қазақтың салт-дәстүрлерін құрмет тұтатын, қазақ жолдастары көп еді. Атам мені қазақ балабақшасына берді, тәрбиеші апайлар мені «қазақтың сары қызы» деп атайтын.
Қазақ тілінде еркін сөйлеймін де, сауатты жазамын да, тіпті ойлаймын да.
Мектеп бітірген соң Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша білім алуға бел будым. Бірақ орыс тобының ашылмайтынын естіген кезімде, ойланбастан қазақ бөліміне құжаттарымды тапсырдым.
Отанымның мемлекеттік тілін толық меңгергенім мен үшін үлкен бақ! Осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктерімнің барлығы мемлекеттік тілді білуімнің оң нәтижесі деп есептеймін! Менің өмірлік серігім де – қазақтың жігіті. Өйткені мен жаныммен де, жүрегіммен де қазаққа айналғанмын. Бүгінгі күні Жанерке мен Жансая есімді екі қаракөз қыздарым қазақ мектебінде білім алуда. Қазақ тілінде еркін сөйлегенімде маған, көк көз - сары шашты жанға, талай қазақтардың өздері таңырқай қарайды!
Ұлы Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» айтқандай, мен мақтанышпен бұл өмірде өз орнымды таптым деп ауыз толтырып айта аламын.
Ұқсас жаңалықтар
-
Батыс Қазақстан облысында неміс этносының күні атап өтілді
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
«Күш – бірлікте» тақырыбында мектеп омбудсмендеріне арналған семинар өтті
-
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
19 Мамыр, 22:42
Экожүйелерді қалпына келтіру мәселелері талқыланды
вчера, 16:59
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
вчера, 13:55
ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДА
сегодня, 15:25