Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Сәуір, 2022

436

Жазу мәдениетін көтеруге бағытталған шара

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында жаппай диктант өткізу дәстүрге айналды.

Жаппай диктант сауатты жазу мәдениетін көтеруге бағытталған ерекше форматтағы іс-шара болып табылады.

Жаппай диктант халықаралық білім беру акциясы, сонымен қатар, биылғы жаппай диктантқа тек Айыртау ауданының ғана емес, облыстың басқа аудандарының да, тіпті, Петропавл қаласының тұрғындарының да қатысуы себепті, жалпы облыстық іс-шара сипатын алды.


9 сәуірде аудандық мәдениет үйінің конференц-залына диктантқа қатысып, жазу емлесі бойынша өз білімдерін тексеруге ниет білдірген әр түрлі жастағы түрлі мамандық бойынша жұмыс атқаратын, әр түрлі ұлт өкілдері жиналды. Жаппай диктанттың басты ұраны: «Сауатты жазу-сәнде!». Диктант Қазақстандағы балалар жылына арналған, диктанттың тақырыбы «Бала тәрбиесі», мәтіні белгілі жаңашыл-педагог, балалар жазушысы Василий Александрович Сухомлинскийдің шығармасынан алынды.

Диктант жазуға аудан орталығынан 30 педагог және білім беру мекемелерінің қызметкерлерінен, колледж студенттерінен және мектеп оқушыларынан 60-тан астам адам қатысты.

Бұл жолғы диктанттың ең жас қатысушы небәрі 10 жастағы мектеп оқушысы болды. Мұндай ауқымды диктантқа алғаш рет қатысқан Чайковская Светлананың ойынша бұл қатысқан жалпы диктант мектептегі жазу суаттылығын тексерудің форматынан өзгеше болған, дегенмен мұндай форматтағы диктант жазу оған өте қызықты болғанын жасырмады.


Ал ең үлкен қатысушы Айыртау ауданының 83 жастағы тұрғыны – Галина Шульженко. Ол мұндай іс-шара тек жазу сауаттылығын тексеру тәсілі ғана емес, сонымен қатар балалар мен жас ұрпақты оқуға, емлені үйренуге баулитын тамаша бастама деп есептейді.

Диктант аяқтағаннан кейін, жұмыстарды тексеру кезінде барлық қатысушылар «Менің атым Қожа» фильмін тамашалады.

«Қазақстанның Орыс қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан филиалының өкілдігі Айыртау ауданындағы жаппай диктантты ұйымдастыруға ат салысты. Ұйымдастырушы Илья Минеевті қолдауға, сонымен қатар, білім беру акциясына қатысуға «Қазақстанның Орыс қауымдастығы» РҚБ облыстық филиалының делегаттары да келді.

Кейін қарай