![](/upload/iblock/2e5/2e52c2d135a7b333c255c49c8bba4d1e.jpg)
10 Желтоқсан, 2018
1005
Қарағанды университетінде Кіші Ассамблея – студенттік этносаралық мәдени орталық ашылды
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының» профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен «Қазақстан – Менің Отаным» атты республикалық студенттік ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.
Еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған жиынға еліміздің сегіз өңірінен - Астана, Түркістан, Орал, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды қалаларының жас ғалымдары қатысып, 180 мақала ұсынылды.
Ауқымды шара шеңберінде олар тарихи сананы жаңғыртудың тетіктері мен бірегей жобаларын жүзеге асырудың жолдарын ортаға салды.
«Бұл жұмыстардың барлығы ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған. Біз жастарға еліміздің тарихын, тұлғаларды дәріптеп, олардың әлемдік мәдениетке сіңірген ұшан теңіз еңбегін насихаттауымыз керек. Жуырда ғана Елбасының жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында осы туралы айтылды. Рухани жаңғырудың не екенін, оның кімге керек екенін жастар осындай шаралар арқылы түсінеді. Кешегіні бүгінгімен байланыстыру керек. Бүгінгі конференция – өткен тарих пен бүгінгіге арналған», - деді облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі Нұрсахан Ахметова.
Конференция аясында ҚарМУ де студенттік этносаралық мәдени орталығы ашылды. Білім ордасында әр ұлт өкілдері дәріс алуда. Осылайша тарих факультетінде кіші Ассамблея құру жоспары іске асты. Орталықта студенттер өз елінің тарихынан сусынданады. Сондай-ақ, студенттер Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында да біршама шаралар ұйымдастырмақшы.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
-
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ АЛМАТЫ Қ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЖАСТАР ТЕАТР ФОРУМЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
-
Астана қ. Достық үйінде ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
ШҚО ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен күнімен құттықтауы
20 Маусым, 13:35
БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясы өтті
18 Маусым, 17:37
Өмір сыйла!
21 Маусым, 02:27
ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Ақмола облысы ҚХА өкілдерімен кездесті
19 Маусым, 23:58
Астанада «Ассамблея жастары» белсенділерінің кездесуі өтті
18 Маусым, 18:07
Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясы өтті