Assembly of People of Kazakhstan

14 February, 2020

753

Алматыда медиациядағы дау-дамайларды басқарудың заманауи тәсілдері мен келіссөз жүргізу түрлері талқыланды

Алматы қаласындағы Достық үйінде «Дау-дамайларды басқарудың заманауи тәсілдері. Келіссөз жүргізу түрлері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Кикілжіңдерге өмірдегі әр түрлі қиындықтар себеп болуы мүмкін. Солардың алдын алу мақсатында шеберлік сағатына қаладағы этномәдени орталықтың өкілдері, жастар, жоғарғы оқу орынның ұстаздары қатысты. Семинар-тренинг пайда болатын даулар мен жанжалдарды сындарлы шешуді үйренгісі келетіндерге арналған. Тренингті Адам құқықтары жөніндегі халықаралық орталықтың жетекшісі, медиатор-жаттықтырушы Жанділда Жақыпов жүргізді.


Семинарға қатысушылар медиация процесі, медиатор техникасы туралы жүйелі көзқараспен танысып, эмоционалды жағдайды бақылау тәсілдерін игерді.

Семинар барысында интерактивті шағын дәрістер, презентациялар, бейнероликтер, жеке тапсырмалар, топтық жұмыс, коммуникативті мәселелерді шешу, рөлдік ойындар қолданылды.

Тренингке 50-ден астам адам қатысып, іс-шараның қорытындысы бойынша оларға сертификаттар табысталды.


Back to the list