БҰЛ КҮНІ - 16 МАМЫР

БҰЛ КҮНІ - 16 МАМЫР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы. 

2005 ж.: Мемлекет басшысы «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №49-ІІІ Заңына қол қойды.

Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі №3636 Жарлығының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы №284 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №1572, «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы №2975 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» №1573 жарлықтарына қол қойды.

 

2007 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, елдің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын депутаттардың қарауына ұсынды.

«Бүгін - Қазақстан демократиясы үшін тарихи күн. Сіздердің қарауларыңызға республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы ұсынылып отыр. Бұл құжат - Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын іске асырудың, еліміздің құқықтық кеңістігінде терең өзгерістер жасаудың заңды нәтижесі болып табылады», - деді өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев.

Президент депутаттарды ел Конституциясына енгізілетін өзгерістермен таныстырды. «Мен Конституцияға республика президенттік болып қалатын, бірақ Парламенттің өкілеттіктері елеулі түрде кеңейетін осындай өзгерістер еңгізу жолымен жүруді ұсынамын. Бұл іс жүзінде біздің республиканың моделін президенттіктен президенттік-парламенттік модельге көшіреді», - деді ол.

Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда

*****

Мемлекет басшысы «Б.С.Әйтімова туралы» №330, «Қ.Қ.Лама Шариф туралы» №331 жарлықтарына қол қойды.

 

2014 ж.: Мемлекет басшысы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» №202-V, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №203-V, «Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы» №204-V заңдарына қол қойды.

 

2017 ж.: Мемлекет басшысы «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» №66-VI Заңына қол қойды.

Президент сондай-ақ «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы» №478 Жарлығына қол қойды.

 

Дереккөз: Akorda.kz

Дата события ассамблеи: 
16.05.2019

Back to the list