Тамилла Розметова Атырау облысы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жаңа көшбасшысы болып тағайындалды

Атырау қаласының Достық  үйінде аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» облыстық жастар қозғалысының кезектен тыс отырысы өтті.

Отырыс барысында сөз алған Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының  меңгерушісі Г.Шәкірова қатысушыларға қазіргі таңда жастардың әлеуетін жоғары деңгейге көтеріп, жастармен жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, қалыптастыру керектігіне баса назар аударды.

жастар 30.jpg

Шараға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, Атырау  облысы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының  жаңа  көшбасшысы етіп бірауыздан Атырау қалалық  маслихатының депутаты,  «Сарайшық» асыл тұқымды шаруашылықтың бас директоры  Тамилла Розметованы тағайындады, көшбасшының орынбасары болып Аслан Аманжолов таныстырылды.

Back to the list