Assembly of People of Kazakhstan

05 January, 2020

320

Жаңа жыл – әлем халықтарының отбасылық мерекесі

Жаңа жыл адамзат үшін отбасылық мереке екені даусыз. Бұл адамдардың бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтып, үйлерін безендіріп, шырша шамын жағып, тәтті тағамдармен бағалы сыйлықтарға ие болып, мәре-сәре болатын таңғажайып кезең.


Жаңа жыл қарсаңында көптеген көңілді кештер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Осы тұста ұлттар достығын асыл қазына санайтын Ақтөбе облысының Қазақстан халқы ассамблеясы да Жаңа жылдың мерекені ерекше көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.

Жасыл шырша жанындағы іс-шараға облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева қатысып, қонақтар мен балаларды мерекемен құттықтап, жыл бойы Ассамблеяның жұмысын ілгерілетуде белсене еңбек еткен татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің басшысы мен «Вайнах» шешет этномәдени бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі Алғыс хаттармен марапаттады.


Одан кейін шырша шамы жағылған ертегі кешіне арнайы келген Аяз ата мен Ақшақар өз өнерлерін көрсеткен балаларға тәтті сыйлықтарын үлестірді. Достық үйінің төрінде өткен «Қош келдің, Жаңа жыл!» қойылымдық концертіне этномәдени бірлестіктердің өнерпаз бүлдіршіндері қатысып, бала тілектерін жеткізді.

Кеш соңында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұрхан Ағниязов қызықты әрі көңілді жаңа жылдық қойылымға қатысқан балақайларға мекеме атынан сыйлықтар табыстады.


Back to the list